«Әбу Досмұхамбетов атындағы облыстық дарынды балаларға мамандандырылған гимназия-интернаты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі халықтың әлеуметтік осал топтарына жататын отбасылардың балаларын қосымша қабылдау үшін 5-сыныпқа 3 орынға, 7-сыныпқа 3 орынға конкурс жариялайды.

          «Әбу Досмұхамбетов атындағы облыстық дарынды балаларға мамандандырылған гимназия-интернаты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі халықтың әлеуметтік осал топтарына жататын отбасылардың балаларын қосымша қабылдау үшін 5-сыныпқа 3 орынға, 7-сыныпқа 3 орынға конкурс жариялайды. Қабылданған білім алушылардың жалпы санынан 15% мөлшерінде іріктелетін халықтың әлеуметтік осал топтарына:

мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алатын ауылдық жерден шыққан отбасының балалары;

ата-аналарының біреуі бірінші топтағы мүгедектігі бар отбасының балалары;

мүгедек баласы бар немесе оны тәрбиелеп отырған отбасылар;

жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар;

отбасыларда тұратын жетiм балалар, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар;

төтенше жағдайлар салдарынан шұғыл көмекке мұқтаж отбасылардан шыққан балалар;

экологиялық зілзалалар, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдай салдарынан тұрғын үйінен айырылған отбасыларының;

мемлекеттік немесе қоғамдық міндеттерді, әскери қызметті атқарған кезінде, ғарыш кеңістігіне ұшуға дайындалу немесе жүзеге асыру кезінде қаза тапқан (қайтыс болған) адамдардың отбасыларының балалары жатады.

Конкурсқа қатысуға тіркелу 16-23 тамыз аралығында сілтеме арқылы жүргізіледі.
Тіркелу сілтемесі: https://docs.google.com/…/1FAIpQLScvSZ6RFDZ…/viewform…
Конкурс 2022 жылдың 24 тамызында өтеді.
Конкурсқа қатысты сұрақтар бойынша 87775646648 телефонына хабарласыңыз.
Конкурс өтетін орын: Петропавл қаласы, Семашко көшесі, 2

2022-2023 ОҚУ ЖЫЛЫНА АРНАЛҒАН БОС ЖӘНЕ (НЕМЕСЕ) УАҚЫТША БОС ЛАУАЗЫМҒА ТАҒАЙЫНДАУ КОНКУРСЫ ТУРАЛЫ ХАБАРЛАНДЫРУ

БОС ЛАУАЗЫМДАРДЫҢ АТАУЫ:

  • Директордың бейін бойынша оқыту жөніндегі орынбасары
  • Орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі
  • Физика пәнінің мұғалімі

 «Әбу Досмұхамбетов атындағы облыстық дарынды балаларға мамандандырылған гимназия-интернаты» КММ, мекенжайы: Солтүстік Қазақстан облысы, Петропавл қаласы, Семашко көшесі,2. Тел.: 8 (7152) 50-74-67, электрондық пошта: daryn_petropavl@mail.ru,   орта білім беру ұйымы педагогтерінің бос және (немесе) уақытша бос лауазымдарға тағайындау конкурсын ұйымдастыратындығын хабарлаймыз.      

Конкурсқа қатысуға құжаттарды қабылдау конкурс өткізу туралы хабарландыру жарияланған соңғы күннен бастап жеті жұмыс күні ішінде жүргізіледі.

Конкурсқа қатысуға ниет білдірген адам хабарландыруда көрсетілген құжаттарды қабылдау мерзімінде тиісті құжаттарды электрондық немесе қағаз түрінде жолдайды.

Конкурсқа қатысуға ниет білдірген адам

хабарландыруда көрсетілген құжаттарды қабылдау мерзімінде

келесі құжаттарды электрондық немесе қағаз түрінде жолдайды:

      1) конкурсқа қатысу туралы өтініш;

      2) жеке басын куәландыратын құжат не цифрлық құжаттар сервисінен алынған электронды құжат (идентификация үшін);

      3) кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке іс парағы (нақты тұрғылықты мекенжайы мен байланыс телефондары көрсетілген – бар болса);

      4) педагогтердің үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелері;

      5) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болса);

      6) “Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы” Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген).

      7) психоневрологиялық ұйымнан анықтама;

      8) наркологиялық ұйымнан анықтама;

      9) Ұлттық біліктілік тестілеу сертификаты (бұдан әрі – ҰБТ) немесе педагог-модератордың, педагог-сарапшының, педагог-зерттеушінің, педагог-шебердің біліктілік санатының болуы туралы куәлік (болған жағдайда).

      10) нысан бойынша педагогтің бос немесе уақытша бос лауазымына кандидаттың толтырылған Бағалау парағы.

           Конкурсқа қатысушы бар болған жағдайда біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне қатысты қосымша ақпаратты (біліктілігін арттыру, ғылыми/академиялық дәрежелер мен атақтар беру, ғылыми немесе әдістемелік жарияланымдар, біліктілік санаттар туралы құжаттардың көшірмелері, алдыңғы жұмыс орнының басшылығынан ұсынымдар) ұсынады.

1-сыныпқа оқушыларды қабылдау бойынша өткізілген конкурстың нәтижесі

«Әбу Досмұхамбетов атындағы облыстық дарынды балаларға мамандандырылған гимназия-интернаты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің 2022-2023 оқу жылына 1-сыныпқа оқушыларды қабылдау бойынша өткізілген конкурстың нәтижесі:

ЕРЕЖЕ

«Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің Білім басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің «Әбу Досмұхамбетов атындағы облыстық дарынды балаларға мамандандырылған гимназия-интернаты» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне  

1сыныпқа қабылдау үшін конкурстық іріктеу туралы

І. Жалпы ереже

Осы 1-сыныпқа конкурстық іріктеу туралы ереже конкурсты ұйымдастыру және өткізу тәртібін белгілеу мақсатында әзірленді.

Мектептің 1-сыныбына түсуге үміткерлерді конкурстық іріктеуден өткізу үшін директордың бұйрығымен қабылдау комиссиясы құрылады. Қабылдау комиссиясының құрамына  мектеп директорының орынбасары, бастауыш сынып мұғалімі, педагог-психолог, қамқошылық кеңес төрағасы кіреді. Қабылдау комиссиясының төрағасы мектеп директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары болып табылады.

ІІ. Конкурсты өткізу мақсаты

Ойын, көзқарасын еркін түрде жеткізе алатын, мамандандырылған мектепте білім алуға дайын балаларды іріктеу

ІІІ. Конкурсты өткізу жұмысын ұйымдастыру

Конкурсқа 6 жасқа толған балалар, сондай-ақ күнтізбелік жылда алты жасқа толатын балалар қатыса алады.

Конкурсқа қатысуға өтінімдерді қабылдау ағымдағы жылдың 03 мамырынан 25 мамырына дейінгі кезеңде жүзеге асырылады. Құжаттарды баланың ата-анасы немесе заңды өкілі мектепке келіп тапсырады.

Конкурс кестеге сәйкес  2022 жылдың 30 мамыр мен 03 маусым аралығында өткізіледі.

1-сыныпқа қабылдауға ұсынылатын оқушылар саны – 24 бала, резервтік тізім – 10 адам.

Өтініш берушінің мектепке қабылдануына конкурста орындаған жұмыстары бойынша алған ұпай саны негіз болып табылады. Өту балын қабылдау комиссиясы анықтайды. Қабылдау емтиханының нәтижелері хаттамаға енгізіледі.

IV. Конкурс тапсырмалары келесі бағыттарды қамтиды:

  • математика және логика – 5 тапсырма;
    • сауаттылық – 5 тапсырма;
    • сөйлеуді дамыту – суреттер тізбегі, сөздік қоры, мәтін құрылымы;
    • оқу техникасы, оқығанын түсіну;
    • психологпен сұхбат.

V.  Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар:

  1. баланың ата-анасынан немесе заңды өкілінен өтініш (нысан бойынша);
  2. ЖСН көрсетілген үміткердің туу туралы куәлігінің көшірмесі;
  3. үміткердің 3х4 көлеміндегі 2 дана фотосуреті (фотосуретке қойылатын талаптар).

VІ.  Конкурс қорытындысын шығару

Конкурс нәтижесі 2022 жылдың 08 маусымында «Әбу Досмұхамбетов атындағы облыстық дарынды балаларға мамандандырылған гимназия-интернаты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің  dm.edu.kz сайтына жарияланады.  

КОНКУРСТЫҚ ІРІКТЕУ НӘТИЖЕЛЕРІ БОЙЫНША АПЕЛЛЯЦИЯ ӨТКІЗІЛМЕЙДІ. 

DM қабылдау 5, 7 – сыныптарда жүзеге асырылады.

Құрметті ата-аналар және оқушылар!

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы 2022-2023 оқу жылына мамандандырылған білім беру ұйымдарына оқуға құжаттар қабылдауды жүзеге асырады.

«Әбу Досмұхамбетов атындағы облыстық дарынды балаларға мамандандырылған гимназия-интернаты» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне қабылдау 5, 7 – сыныптарда жүзеге асырылады.

Құжаттарды онлайн тіркеу және қабылдау 2022 жылғы 1 наурыз бен 1 сәуір аралығында qabyldau.daryn.kz сайтында өтеді. Сайт арқылы тіркеле алмаған жағдайда мектепке келіп те тіркеуден өте алады.

Тіркеу кезінде қажетті құжаттар:

1) баланың ата-анасынан немесе өзге де заңды өкілдерінен өтініш (үлгі бойынша);

2) ЖСН көрсетілген үміткердің туу туралы куәлігінің көшірмесі;

3) үміткердің оқу орнынан ұйымның мөрімен расталған фотосуреті бар анықтамасы;

4) үміткердің 3х4 көлеміндегі 2 дана фотосуреті.

  • барлық құжаттар PDF немесе JPEG форматында қабылданады.

Конкурстық іріктеу уақыты кейін хабарланады.

Өткізу формасы: тестілеу (офф-лайн).

5-сыныпқа түсушілер үшін – келесі пәндер бойынша 40 сұрақ:

математика және логика – 30 сұрақ;

оқу сауаттылығы – 10 сұрақ.

5-сыныпқа тестілеуге бөлінген уақыт – 60 минут.

7-сыныпқа түсушілер үшін – келесі пәндер бойынша 75 сұрақ:

математика және логика-55 сұрақ;

оқу сауаттылығы-10 сұрақ;

Қазақстан тарихы-10 сұрақ.

7-сыныпқа тестілеуге бөлінген уақыт – 120 минут.

Тестілеу тапсыру тілі: қазақша

КОНКУРСТЫҚ ІРІКТЕУ НӘТИЖЕЛЕРІ БОЙЫНША АПЕЛЛЯЦИЯ ӨТКІЗІЛМЕЙДІ.

Конкурсқа қатысты сұрақтар бойынша 87775646648 телефонына хабарласыңыз.

Құрметті мұғалімдер, оқушылар, ата-аналар және қонақтар!
 Бұл заман білекке сенетін емес,
 білімге сенетін заман.
 Н.Ә.Назарбаев 

Петропавл қаласы «Әбу Досмұхамбетов атындағы облыстық дарынды балаларға мамандандырылған гимназия-интернаты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің сайтына қош келдіңіздер!

Біздің мектеп 1935 жылы қабырғасы қаланғаннан бері жас ұрпақты білім нәрімен сусындатып, ұлттық тәрбие негізінде тәрбиелеп, халыққа қызмет етіп келеді. Мектеп ашылғаннан бастап талай оқушыларымыз білім алып, талай түлектеріміз мектеп қабырғасынан ұшып шығып, қоғамның әр саласында қызмет етіп жүр.

Біздің мектеп сайтымыз арқылы мектеп тарихымен танысып, мектеп ішінде ұйымдастырылып жатқан ата-аналармен жұмыс, тәрбиелік, мерекелік мақсаттағы іс-шаралар мен жаңалықтарды біле аласыздар. Сайтымызға сабақ кестесі, ата-аналарға, оқушыларға, мұғалімдерге, жас мамандарға арналған жадынамалар және қамқорлық кеңестің құрамы, жоспары, гимназия-интернатының келісімшарты, өткізілетін іс шаралардың хабарландырулары, сыныптан тыс өткізілетін дарынды оқушылармен жұмыс жасайтын шеберханалар жұмысы енгізілді.

Біз сіздермен мектеп мұғалімдерінің, оқушыларының байқаудағы, олимпиададағы, спорттағы жетістіктерімен қуана бөлісеміз.

Егер пікір білдіріп, өз тілектеріңіз бен ұсыныстарыңызды білдіргілеріңіз келсе, басшы блогына еніп жолдауларыңызға болады.

Сайтымыздың беттерінен мектебіміз туралы көптеген қызықты, қажетті ақпараттарды және іс-шаралар мен ашық сабақтардың фотосуреттерін де көре аласыздар.