DM қабылдау 5, 7 – сыныптарда жүзеге асырылады.
Құрметті ата-аналар және оқушылар!
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы 2022-2023 оқу жылына мамандандырылған білім беру ұйымдарына оқуға құжаттар қабылдауды жүзеге асырады.
«Әбу Досмұхамбетов атындағы облыстық дарынды балаларға мамандандырылған гимназия-интернаты» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне қабылдау 5, 7 – сыныптарда жүзеге асырылады.
Құжаттарды онлайн тіркеу және қабылдау 2022 жылғы 1 наурыз бен 1 сәуір аралығында qabyldau.daryn.kz сайтында өтеді. Сайт арқылы тіркеле алмаған жағдайда мектепке келіп те тіркеуден өте алады.
Тіркеу кезінде қажетті құжаттар:
1) баланың ата-анасынан немесе өзге де заңды өкілдерінен өтініш (үлгі бойынша);
2) ЖСН көрсетілген үміткердің туу туралы куәлігінің көшірмесі;
3) үміткердің оқу орнынан ұйымның мөрімен расталған фотосуреті бар анықтамасы;
4) үміткердің 3х4 көлеміндегі 2 дана фотосуреті.
- барлық құжаттар PDF немесе JPEG форматында қабылданады.
Конкурстық іріктеу уақыты кейін хабарланады.
Өткізу формасы: тестілеу (офф-лайн).
5-сыныпқа түсушілер үшін – келесі пәндер бойынша 40 сұрақ:
математика және логика – 30 сұрақ;
оқу сауаттылығы – 10 сұрақ.
5-сыныпқа тестілеуге бөлінген уақыт – 60 минут.
7-сыныпқа түсушілер үшін – келесі пәндер бойынша 75 сұрақ:
математика және логика-55 сұрақ;
оқу сауаттылығы-10 сұрақ;
Қазақстан тарихы-10 сұрақ.
7-сыныпқа тестілеуге бөлінген уақыт – 120 минут.
Тестілеу тапсыру тілі: қазақша
КОНКУРСТЫҚ ІРІКТЕУ НӘТИЖЕЛЕРІ БОЙЫНША АПЕЛЛЯЦИЯ ӨТКІЗІЛМЕЙДІ.
Конкурсқа қатысты сұрақтар бойынша 87775646648 телефонына хабарласыңыз.