Мектеп интернаты директорының

2020 жылғы 1 қыркүйектегі №78 бұйрығымен бекітілген

Әбу Досмұхамбетов атындағы облыстық дарынды балаларға

мамандандырылған  гимназия-интернатының  ішкі тәртіп туралы

Ережесі

1. Жалпы ереже

1.1. Ереже  Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2015 жылғы 12 ақпандағы № 46 қаулысымен бекітілген Білім беру ұйымдарының ішкі тәртіптемесінің үлгілік қағидаларына,             ҚР «Білім туралы» Заңына сәйкес, әкімшіліктің ұсынысы бойынша мектеп қызметкерлерінің педагогикалық кеңесі шешіміне сәйкес жасалды.

1.2. Ішкі тәртіп ережелерін қолдануға байланысты барлық мәселелерді мектеп әкімшілігі өзіне берілген құқықтар шегінде, сондай-ақ қолданыстағы заңнамада көзделген жағдайларда келісім бойынша шешеді.

1.3.  Мектепте оқу процесін ұйымдастыру тәртібі СанЕмН талаптарымен және басқа да нормативтік құжаттармен анықталады.

1.4. Білім беру ұйымының ішкі тәртіп ережелері оқу процесі кезінде балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, оның Жарғысымен белгіленген білім беру процесінің мақсаттары мен міндеттерін табысты іске асыру үшін ұйымда және оның аумағында тәртіп пен қауіпсіздікті сақтау болып табылады.

1.5. Осы ішкі тәртіп ережелері ұйымның барлық қызметкерлері мен білім алушылары, олардың ата-аналары (заңды өкілдері) үшін міндетті болып табылады. Осы ережелерді орындамау әкімшілік шаралар қолдануға негіз бола алады.

1.6. Интернатта интернат типтес мекемелерде тұруға қайшы келетiн көрсеткiштерi жоқ 10 жастан 18 жасқа дейiнгi ұл, қыздар оқып, тәрбиеленедi.
1.7. Барлық сыныптар мен тәрбиелiк топтарда балалар жиынының саны 25 адамнан аспауға тиiстi.

1.8. Интернаттағы жалпы жатын орындарының саны 230, бір бөлмеде ауданына қарай 4 және 10 баладан тұрады.

2. Оқу-тәрбие жұмыстары және тәрбиеленушiлердiң тұрмыс
жағдайын ұйымдастыру

2.1. Интернатқа бiрiншi кезекте қабылданатындар:
      – облыстың аудандарынан келген балалар;

      – орын болған жағдайда қаланың шалғай (алыс) шағынаудандарында тұратын балалар.
2.2. Балаларды интернатқа орналастыру ата-аналардың (заңды өкілдерінің) өтініші негізінде жүзеге асырылады, екі жақты келісім шарт жасалады.
2.3. Интернатқа балаларды қабылдау туралы өтiнiштер тамыз айының 31-не дейiн қабылданады.
2.4. Интернатта балалардың тұруы үшiн ата-аналардан төлемақы алынбайды, мемлекет тарапынан қаржыландырылады, интернат ғимаратына ата-аналарға (заңды өкілдеріне), туыстарына кіруге, сағат 22:00-ден кейін балалардың мектептен шығуларына рұқсат етілмейді. Білім беру процесіне қатысушы болып табылмайтын адамдардың мектепке кіруі жеке куәлігін міндетті түрде көрсетіп, вахтада келушілерді тіркеу журналына тіркелу арқылы жүзеге асырылады, мектеп ауласында бөтен адамдардың бейсауат жүруіне тыйым салынады.

2.5. Интернат тәрбиеленушiлері мекеме тарапынан жеке пенал шкафпен, төсек-орындарымен, аяқ сүлгілермен, оқулықтармен, психологиялық демеу бөлмесімен, акт залы,  душ қабылдайтын,  кiр жуатын орындармен, кептiргiштермен қамтамасыз етіледі, ата-ана (заңды өкіл) тарапынан киiммен, аяқ киiммен, жеке гигиена заттарымен, сондай-ақ, жазу құралдарымен қамтамасыз етiледi.

2.6. Интернат тәрбиеленушiлері балаларды тамақтандыруды ұйымдастыру туралы әдiстемелiк нұсқауға сәйкес күнiне 5 рет тамақпен, шаштараз қызметімен қамтамасыздандырылады.

2.7.   Айына 2 рет төсек-орындары ауыстырылып отырылады.

2.8. Интернатта тұратын оқушыларды оқыту және тәрбиелеу, оқу жылы тоқсандарының, демалысының ұзақтығы, емтихандарды өткiзу және басқа оқу-тәрбие жұмыстары Қазақстан Республикасы жалпы бiлiм беретiн орта мектеп туралы Ережеге сәйкес жүргiзiледi.
 2.9. Оқушыларды еңбекке тәрбиелеу, оқытуды ескере отырып, үйiрмелер, спорттық секциялар мен оқу шеберханаларының жұмысы ұйымдастырылады.
 2.10. Балалардың оқуы мен демалысын педагогика тұрғысынан дәлелдi үйлестiру мақсатында тәрбиеленушiлердiң интернатта тәулiк бойы болуын ескере отырып, интернатта келесі күн тәртібі белгіленеді:

 Уақыты
Ұйқыдан тұру7.00
Таңғы жаттығу7.00 – 7.15
Жуыну7.15 – 7.30
Таңғы ас7.30 – 8.05
Оқу8.30 – 15.20
Жеңіл ас (полдник)10.05-10.15 (5-8  сыныптары үшін) 11.00-11.10 (9-11 сыныптары үшін)
      Түскі ас11.55 -12.05 (бастауыштың түскі асы)
12.50 – 14.30 (5-11 сыныптарының түскі асы)
Шеберханалар, үйірмелер, секциялар уақыты15.00 – 18.00
Таза ауаға серуен18.00 – 18.30
Кешкі ас18.30 – 19.00
Сабаққа дайындық19.00 – 19.45 19.55 – 20.50
Кешкі жеңіл ас (полдник)20.50 – 21.10
Activity21.10 – 22.00
Жеке гигиена22.00 – 22.30 (5-11 сыныптар)
Ұйқы уақыты22.30  (5-11 сыныптар)

2.11.  Интернат балалары сағат 20:30-08:30 аралығында тәрбиешінің көмекшілері бақылауында болады, тәрбиешілер сағат 14:30-21:00 аралығында балалар үшін жауапты болады.

3. Оқушыларға қойылатын талаптар.

– ауырып қалған жағдайда ата-ана сынып жетекшісіне хабарлап, мектепке медициналық мекемеден анықтама әкелу керек, интернатта тұратын оқушы болса, мекеменің медициналық бөліміне қаралуы тиіс;

– мектепке сабақ басталмастан 15-20 минут бұрын мектеп бұйрығына сәйкес белгіленген  ұқыпты мектеп формасымен келіп (хиджаб, орамал киюге жол берілмейді), киім ілінетін бөлмеде сыртқы киімін шешіп, ауа райына байланысты қажетті кездері ауыстыратын аяқ киімін киеді, сыныпқа қоңыраудан соң тек мұғалімнің рұқсатымен кіреді, сонымен қатар сабақ уақытында немесе бақылау жұмысы кезінде байланыс құрылғыларын пайдалануға рұқсат етілмейді, ұялы телефон жоғалған жағдайда мектеп әкімшілігі жауапты болмайды;

– мектепке және мектеп аумағына салқын қарулар, жарғыш немесе өртке қарсы, алькогольды сусындар, есірткі заттар, газ баллондарын, улы және дәрігер қолдануға қатаң тыйым салған басқа да заттар әкелуге тыйым салынады;

– мұғалімдердің келісімінсіз сабақ уақытында мектептен кетуге рұқсат етілмейді;

– мектеп мүлкіне мұқият қарауы тиіс;

– әртүрлі пирсинг, татуировка, қымбатты әшекейлер тағуға, опа-далап пайдалануға болмайды;

– мектеп ғимаратында бас киіммен жүруге болмайды;
– шашты ашық түстермен бояуға, ұл балаларға шаштарын бұрымдауға, бұйралауға, ұзың қылып өсіруге тыйым салынады, қыз балаларға шаштарын жайып жүруге тыйым салынады;

– шаш үлгісі классикалық үлгіде жиналу керек;

– дәретхана, моншада тазалық пен тәртіпті, жеке бас гигиена тәртіптерін сақтаулары тиіс, пайдаланылған заттарын арнайы қоқыс жәшіктеріне тастаулары керек;

– мекемеде сағыз, шекілдеуік қолдануға болмайды;

– оқушылардың өзге біреудің заттарын қозғауға, орындарын ауыстыруға және нұқсан келтіруге жол берілмейді, сыртқы киімдерінің қалталарында ақша, кілт және жол жүру құжаттарын, бағалы заттарын қалдыруға тыйым салынады;

– электроқуат пен суды үнемдеулері керек;

– қыздардың ұлдар тұратын қабатқа, ал ұлдардың қыздар тұратын қабатқа өтулеріне жол берілмейді;

– интернат тәрбиеленушілері ұйқыға жатар алдында ұялы телефондарын сағат 21:00-ге дейін өз сыныбының тәрбиешісіне тапсыруға міндеттеледі.

4. Ата-аналардың (заңды өкілдерінің) құқықтары мен міндеттері

      4.1. Оқушылардың ата-аналары (заңды өкілдері):

– Балалардың заңды құқықтары мен мүдделерін қорғауға;

– Оқыту және мамандандыру нысандарын таңдауға;

– Білім беру процесінің барысымен және мазмұнымен, үлгерім бағаларымен танысуға;

– Интернат туралы ережемен және білім беру процесін ұйымдастыруды реттейтін басқа да құжаттармен танысуға;

– Мұғалімдер мен мектеп әкімшілігі тарапынан сыпайылық, тілектестік қарым-қатынасқа;

– Балаға сапалы білім беруді талап етуге құқылы.

4.2. Оқушылардың ата-аналары (заңды өкілдері):

– Ата-аналар өз баларын мектепке орналастырып, қажетті құжатты реттеп, оқу жылының басынан аяғына дейін оқуын қамтамасыз етуге, жағдай туғызуға;

– Оқуға қажетті құрал-жабдықтармен, мектеп формасымен, оқулықтармен қамтамасыз етуге;

– Оқушыларды уақытымен сабаққа жіберуге, сабақтан соң қарсы алуға, бөтен адамның жетегіне ергізбеуге;

– Қажет болмаған жағдайда баласының сабағына кедергі жасайтын түрлі техникалық құралдарды (ұялы телефон, плеер, планшет. т.б.) пайдалануға тыйым салуға;

– Мектеп мұғалімдерімен, сынып жетекшілерімен, тәрбиешілерімен тығыз қарым-қатынас орнатуға;

– Ата-аналар өз балаларының себепсіз сабақтан қалмауын қадағалауы, бос уақытында немен айналысатынынан хабардар болуға, қадағалауға, дос-жолдастарын білуге;

– Баланың өз мектебін сүюге, құрал-жабдықтарын, мүліктерін бүлдірмей сақтауға тәрбиелеуге, бүлдіре қалған жағдайда шығынын 2 есе мөлшерде орнына келтіруге;

– Оқушының хал-жағдайынан әр уақыт хабардар болуға, бағаларын, тоқсан қорытындыларын біліп тұруға;

– Мектеп әкімшілігімен, мұғалімдерімен, сынып жетекшілерімен, тәрбиешілерімен мәдениетті, сыпайы қарым-қатынас жасауға, дөрекіліктен аулақ болуға, баланың көзінше ұстаздарды ғайбаттамауға, реніші болса жеке сөйлесуге;

– Бала ауырып қалған жағдайда немесе басқа да себеппен қалғанда жедел түрде мектептен хабарласуға, дәрігерінен анықтама қағазы болуын қамтамасыз етуге;

– Мектеп хабарласқан жағдайда, шақырғанда хабарласуға, ата-аналар жиналысына келуге, мектептің талаптарын білуге, құрметтеуге, оны орындауға;

–  Әрбір ата-ана  салауатты өмір салтын сақтап (арақ, темекі қолданбау, балағат сөз айтпау), өз баласына үлгі болуға ;

– Егер бала тарапынан әдеттен тыс іс-әрекеттер байқалса, мектепке шұғыл хабарлауға;

–  Кешкі сағат 21.00-ден кейін сынып жетекшісіне не пән мұғаліміне телефон шалмауға;

– 5-7 сынып оқушыларын демалыс күндері ата-анасы өздері әкетуге, 8-11 сынып оқушыларын қолхатпен қамтамасыз етуге;

–  Келісім-шарттағы тараптардың міндеттерінің сақталуын талап етуге міндетті.