Құрметті ата-ана Сізге жазғы демалыс уақыты кезінде балаңызды аса бақылауға алу керек екендігін хабарлаймыз! Жазғы демалыс уақытында балаңыздың қауіпсіздігін жолда, суда, көшеде, орманда, ойын аландарында, аулада қатаң бақылауыңызды сұраймыз!
- Балаңыздың бойына өзін сақтау және қауіпсіздік ережелерін қалыптастырыңыз;
- Күнделікті бос уақытын толығымен ұйымдастырыңыз;
- Есіңізде болсын! Кешкі уақыт (сағат 22.00-ден таңғы 06.00 аралығында) балалар мен жасөспірімдер ата-анасыз немесе басқа заңды түрде жауапты тұлғасыз жүрмеуі тиіс;
- Балаңыздың қайда екендігін біліп отырыңыз, хабарласып сол уақытта немен айналысып жатқандығын сұраңыз. Балаңыз бос уақытын қалай, кіммен өтіп жатқандығы туралы қызушылық танытып біліп отырыңыз;
- Бөтен танымайтын адамдармен сөйлеспеу керек екенін және танымайтын адамдардың
көліктеріне отырмау керек екендігінайтыңыз;
- Демалыс кезінде су қауіпсіздігін сақтауын қадағалаңыз. Суда жүзу, судың жанында ойнау балалардың өмірі мен денсаулығына қауіп тудыруы мүмкін. Балаңызға жалғыз өзі суға кірмеу керектігін түсіндіріңіз;
- Балаңызға жолда жүру ережелерін, жолды тек жаяу жүргіншілер өткелінен немесе жол қиылысынан өтуі керектігі және қоғамдық көліктерде өз қауіпсіздігін сақтауын түсіңдіріңіз;
- Ойын-сауық кешендерінде, спорт аландарында, орманда, табиғатқа шыққан уақытта да бүкіл қауіпсіздік ережелерін сақтауын сұраңыз;
- Денсаулыққа зиян келтіретін заттар темекі, насыбай, энергетикалық сусындар, алкогольді ішімдіктер, психоактивті препараттардан балаңызды қорғаңыз;
- Әлеуметтік желідегі (интернет) және компьютерлік клубтардағы уақытын бақылаңыз, психикаға әсер ететін желілерден қорғаңыз;
- Өрт қауіпсіздігін сақтаңыздар! Отпен абай болу және ойнамау керектігін, табиғатта сөндірілмей қалған шоқтан өрт шығуы мүмкін екендігін, үйдегі электр құралдарын сөндіріп отыру қажет екендігін аса назарда ұстауыңызды өтінеміз.
Құрметті ата-ана әрқашанда осы жазылған қауіпсіздік ережелері туралы балаға айтып отыруыңызды сұраймыз!
Балаңыздың өмірі, денсаулығы, қауіпсіздігі, бос уақыты мен тәртібі үшін жауапкершілік Сізге, Ата-анаға, (немесе басқа заңды түрде жауапты тұлғаға) жүктелетінін ұмытпаңыз!