ЕРЕЖЕ

«Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің Білім басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің «Әбу Досмұхамбетов атындағы облыстық дарынды балаларға мамандандырылған гимназия-интернаты» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне  

1сыныпқа қабылдау үшін конкурстық іріктеу туралы

І. Жалпы ереже

Осы 1-сыныпқа конкурстық іріктеу туралы ереже конкурсты ұйымдастыру және өткізу тәртібін белгілеу мақсатында әзірленді.

Мектептің 1-сыныбына түсуге үміткерлерді конкурстық іріктеуден өткізу үшін директордың бұйрығымен қабылдау комиссиясы құрылады. Қабылдау комиссиясының құрамына  мектеп директорының орынбасары, бастауыш сынып мұғалімі, педагог-психолог, қамқошылық кеңес төрағасы кіреді. Қабылдау комиссиясының төрағасы мектеп директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары болып табылады.

ІІ. Конкурсты өткізу мақсаты

Ойын, көзқарасын еркін түрде жеткізе алатын, мамандандырылған мектепте білім алуға дайын балаларды іріктеу

ІІІ. Конкурсты өткізу жұмысын ұйымдастыру

Конкурсқа 6 жасқа толған балалар, сондай-ақ күнтізбелік жылда алты жасқа толатын балалар қатыса алады.

Конкурсқа қатысуға өтінімдерді қабылдау ағымдағы жылдың 03 мамырынан 25 мамырына дейінгі кезеңде жүзеге асырылады. Құжаттарды баланың ата-анасы немесе заңды өкілі мектепке келіп тапсырады.

Конкурс кестеге сәйкес  2022 жылдың 30 мамыр мен 03 маусым аралығында өткізіледі.

1-сыныпқа қабылдауға ұсынылатын оқушылар саны – 24 бала, резервтік тізім – 10 адам.

Өтініш берушінің мектепке қабылдануына конкурста орындаған жұмыстары бойынша алған ұпай саны негіз болып табылады. Өту балын қабылдау комиссиясы анықтайды. Қабылдау емтиханының нәтижелері хаттамаға енгізіледі.

IV. Конкурс тапсырмалары келесі бағыттарды қамтиды:

  • математика және логика – 5 тапсырма;
    • сауаттылық – 5 тапсырма;
    • сөйлеуді дамыту – суреттер тізбегі, сөздік қоры, мәтін құрылымы;
    • оқу техникасы, оқығанын түсіну;
    • психологпен сұхбат.

V.  Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар:

  1. баланың ата-анасынан немесе заңды өкілінен өтініш (нысан бойынша);
  2. ЖСН көрсетілген үміткердің туу туралы куәлігінің көшірмесі;
  3. үміткердің 3х4 көлеміндегі 2 дана фотосуреті (фотосуретке қойылатын талаптар).

VІ.  Конкурс қорытындысын шығару

Конкурс нәтижесі 2022 жылдың 08 маусымында «Әбу Досмұхамбетов атындағы облыстық дарынды балаларға мамандандырылған гимназия-интернаты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің  dm.edu.kz сайтына жарияланады.  

КОНКУРСТЫҚ ІРІКТЕУ НӘТИЖЕЛЕРІ БОЙЫНША АПЕЛЛЯЦИЯ ӨТКІЗІЛМЕЙДІ.