1-сыныпқа қабылдау
«Әбу Досмұхамбетов атындағы облыстық дарынды балаларға мамандандырылған гимназия-интернаты» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне 1-сыныпқа қабылдау үшін конкурсқа қатысуға өтінім беру 2024 жылғы 15 наурыз бен 15 сәуір аралығында өтеді. Құжаттарды мектепке келіп тапсыру керек.
Тіркеу кезінде қажетті құжаттар:
1) баланың ата-анасынан немесе өзге де заңды өкілдерінен өтініш (үлгі бойынша);
2) ЖСН көрсетілген үміткердің туу туралы куәлігінің көшірмесі;
4) үміткердің 3х4 көлеміндегі 2 дана фотосуреті.
Конкурстық іріктеу уақыты 16.04 – 18.04 2024 ж.
Конкурс нәтижесі 19.04.2024 ж. dm.edu.kz мектеп сайтына жарияланады.
Конкурстың мақсаты: баланың мектепке дайындығын және логикалық қабілеттерін анықтау.
1-сыныпқа түсушілер үшін келесі пәндер бойынша 30 сұрақ:
Математикалық сауаттылық + логика – 10 сұрақ;
Оқу сауаттылығы – 10 сұрақ.
Психологиялық жағдаят 10 сұрақ
1-сыныпқа тестілеуге бөлінген уақыт – 60 минут.
Тестілеу тапсыру тілі: қазақша
КОНКУРСТЫҚ ІРІКТЕУ НӘТИЖЕЛЕРІ БОЙЫНША АПЕЛЛЯЦИЯ ӨТКІЗІЛМЕЙДІ.
Конкурсқа қатысты сұрақтар бойынша 87775646648 телефонына хабарласыңыз.