2024-2025 ОҚУ ЖЫЛЫНА АРНАЛҒАН БОС ЖӘНЕ (НЕМЕСЕ) УАҚЫТША БОС ЛАУАЗЫМҒА ТАҒАЙЫНДАУ КОНКУРСЫ ТУРАЛЫ ХАБАРЛАНДЫРУ

«Әбу Досмұхамбетов атындағы облыстық дарынды балаларға мамандандырылған гимназия-интернаты» КММ,

Мекенжайы: Солтүстік Қазақстан облысы, Петропавл қаласы, Семашко көшесі,2. Тел.: 8 (7152) 50-74-67, электрондық пошта: daryn_petropavl@mail.ru,

   орта білім беру ұйымы педагогтерінің бос және (немесе) уақытша бос лауазымдарға тағайындау конкурсын ұйымдастыратындығын хабарлаймыз.

Конкурсқа қатысуға құжаттарды қабылдау конкурс өткізу туралы хабарландыру жарияланған соңғы күннен бастап жеті жұмыс күні ішінде жүргізіледі. Конкурсқа қатысуға ниет білдірген адам хабарландыруда көрсетілген құжаттарды қабылдау мерзімінде тиісті құжаттарды https://hr-nobd.iac.kz/ жолдайды.

БОС ЛАУАЗЫМДАРДЫҢ АТАУЫ:

Бос лауазымдардың атауыАпталық оқу жүктемесіБос лауазымның мерзімі
1Орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі16 сағаттан кем емес01.10.2024 ж. бастап (тұрақты)

Конкурсқа қатысуға ниет білдірген адам

хабарландыруда көрсетілген құжаттарды қабылдау мерзімінде

https://hr-nobd.iac.kz/  жолдайды:

      1) Мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшылары мен педагогтерін лауазымға тағайындау,лауазымнан босату Қағидаларына 15-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қоса берілетін құжаттардың тізбесін көрсете отырып, Конкурсқа қатысу туралы өтініш;

      2) жеке басын куәландыратын құжат не цифрлық құжаттар сервисінен алынған электронды құжат (идентификация үшін);

      3) кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке іс парағы (нақты тұрғылықты мекенжайы мен байланыс телефондары көрсетілген – бар болса);

      4) педагогтердің үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелері;

      5) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болса);

      6) “Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы” Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген).

      7) психоневрологиялық ұйымнан анықтама;

      8) наркологиялық ұйымнан анықтама;

      9) сертификаттаудан өту нәтижелері туралы сертификат немесе қолданыстағы біліктілік санатының болуы туралы куәлік (бар болса);

      10) ағылшын тілі педагогтері лауазымына орналасуға кандидаттар үшін пән бойынша сертификаттау нәтижелері туралы сертификаты немесе педагог-модератордың немесе педагог-сарапшының немесе педагог-зерттеушінің немесе педагог-шебердің біліктілік санатының болуы туралы куәлік (бар болса) немесе CELTA (Certificate in English Language Teaching to Adults. Cambridge) PASS A; DELTA (Diploma in English Language Teaching to Adults) Pass and above немесе айелтс IELTS (IELTS) – 6,5 балл; немесе тойфл TOEFL (іnternet Based Test (іBT)) сертификаты – 60-65 балл;

      11) техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында арнайы пәндер бойынша педагогтер және өндірістік оқыту шеберлері лауазымдарына педагогикалық қызметке кіріскен, тиісті мамандық немесе бейін бойынша өндірісте кемінде 2 жыл жұмыс өтілі бар педагогтер сертификаттаудан өтуден босатылады.

      12) Мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшылары мен педагогтерін
лауазымға тағайындау, лауазымнан босату Қағидаларына 16-қосымшаға сәйкес нысан бойынша бос немесе уақытша бос педагог лауазымына үміткердің толтырылған бағалау парағы.

      13) тәжірибесі жоқ кандидаттың бейнепрезентациясы (өзін-өзі таныстыру) ұзақтығы кемінде 10 минут, ең төменгі ажыратымдылығы – 720 x 480.