Әбу Досмұхамбетов атындағы дарынды балаларға мамандандырылған гимназия-интернаты облыс орталығы Петропавл қаласы Семашко 2 көшесінде орналасқан. Аталмыш қарашаңырақ өзіндік оқу-тәрбие үлгісімен ерекшеленіп, жұртты өзіне тартып тұрады.

Бұл ортада еліміздің даңқын арттыратын өмірге бейімшең жас ұрпақ сомдалады, шыңдалады, осы жерде үлкен өмірге жолдама алады.

Интернат жеткіншектерге құшағын кең ашып, тәлім-тәрбие беруге үнемі әзір. Оқушыларға барлық тұрмыстық жағдай жасалынған. Интернат екі қабаттан тұрады:

ІІ қабатта қыздар, ІІІ қабатта ұлдар. 230 балаға шақталған.

Екі қабатта өз тұрмыстық-тазалық бөлмелері бар. Олар: демалыс-ойын, жуынатын және киім жуатын, әжетхана және аяқ киім бөлмелері.

Тұрмыстық қажетті құралдармен жабдықталған: киім жуатын машина, киім үтіктегіш. Шаштараз бөлмесі жабдықталған, шаш алу тегін.

Тәлім-тәрбие беруші жандар өз ісінің хас шеберлері, жүрегі жылы, сөзі қонымды, талабы өтімді.

Тәрбиешілер, олардың көмекшілері және ерікті көмекші қыз-жігіттер күндіз-түні балалармен бірге.